Вильнюс қаласы, 2022 жылғы 23 тамыз – Вильнюсте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов пен ЛР Көлік және коммуникация вице-министрі Лорета Маскаллёвиене төрағалығымен халықаралық автомобиль тасымалдау бойынша Қазақстан-Литва Аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тараптар көлік саласындағы елдер арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылап, 2022 жылға арналған жүктерді тасымалдауға арналған қосымша рұқсат бланкілерімен алмасу туралы келісімге келді.
Аралас комиссия отырысының қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.
Литваға сапары аясында қазақстандық делегация «Avia Solutions Group» халықаралық компаниясының кеңсесінде болып, екі ел арасындағы авиация саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысты.
«Avia Solutions Group» басқарма мүшесі Вигаудас Ушацкас
ҚР Азаматтық авиация академиясымен бірлесіп әзірленіп жатқан Қазақстан-Литва инвестициялық жобалары туралы айтып берді.