Қазақстан мен Литва дамуға ресми көмек (ODA) саласында ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан мен Литва дамуға ресми көмек (ODA) саласында ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Вильнюс, 2022 жылғы 15 шілде – Қазақстан Елшілігі Литваның Жобаларды басқару орталық агенттігінің (CPMA) басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында литвалық тарапқа 2020 жылғы 15 желтоқсанда құрылған «KazAID» халықаралық даму жөніндегі қазақстандық агенттігі, сондай-ақ оның мақсаттары, міндеттері және жұмысының басым бағыттары туралы ақпарат берілді.

CPMA директоры Лидия Кашубиене тәжірибе мен білім алмасу саласында қазақстандық және литвалық агенттіктер арасындағы өзара
іс-қимыл мүмкіндіктерін атап өтті.

Тараптар CPMA мен KazAID арасындағы ынтымақтастықтың келешегін, оның ішінде тиісті құқықтық базаны құруды және Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның тұрақты дамуына бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғарыда белгіленген өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.