Елшілік литвалық кәсіпкерлермен бейнеконференция өткізді

Елшілік литвалық кәсіпкерлермен бейнеконференция өткізді

Вильнюс, 2022 жылғы 4 шілде – ҚР Елшілігі «Kazakh Invest» АҚ, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, литвалық «PKV» және «TecnnoWest» компанияларының өкілдерімен бейнеконференция өткізді.

Іс-шара барысында тараптар литвалық кәсіпкерлердің Қазақстанға сапарының қорытындыларын және тұрмыстық электр құрылғыларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру бойынша алдағы қадамдарды талқылады.

Литва тарапы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмысына, инвесторларды мемлекеттік қолдау құралдарына, сондай-ақ кедендік рәсімдерді қолдану шарттарына қатысты сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.