Қазақстан мен Литва Сыртқы істер министрлері Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының аясында келіссөздер өткізді

Қазақстан мен Литва Сыртқы істер министрлері Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының аясында келіссөздер өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация ү.ж. 21-27 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-сессиясының жоғары деңгейдегі апталығының жұмысына қатысуда.

Бірінші күні Министр М.Тілеуберді Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергиспен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.