Литвада «Литвалық достар қазақ тағамдарынан алғаш рет дәм татуда» атты ролик түсірілді

Литвада «Литвалық достар қазақ тағамдарынан алғаш рет дәм татуда» атты ролик түсірілді

Қазақстанның гастрономиялық брэндингін ілгерілету аясында ҚР Литвадағы Елшілігі "Литвалық достар қазақ тағамдарынан алғаш рет дәм татуда" атты ақпараттық-танымдық бейнеролик түсірді.

Бейне шетелдіктердің ұлттық тағамнан дәм татуға реакциясын байқау экспериментінің танымал форматында жасалды.

Литвалық қонақтарға қазақ нан өнімдері (бауырсақ, шелпек, қаттама нан), сүт өнімдері (қымыз, айран, құрт), ет деликатестері (қазы, манты, қуырдақ және т.б.), сондай-ақ ұлттық десерттер (жент, ірімшік, қоспа және т. б.) ұсынылды.

Қонақтарға тағамдардан басқа қазақтың салт-дәстүрлері мен еліміздің тарихы туралы мәліметтер ұсынылды.

Бірде-бір тағам литвалықтарды бей-жай қалдырмады. Қонақтар қазақ тағамдарының бірегей дәмін, сондай-ақ беру тәсілін атап өтті. Дегустацияға қатысушылардың пікірінше, әсем табиғатымен қатар, Қазақстан бай тағамдарымен де мақтана алады.

Бейнені Елшіліктің YouTube арнасында осы сілтеме бойынша қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=k1SUSPg8W_Y