Қазақстан мен Литва ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Литва ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

2021 жылғы 17 ақпанда ҚР Литвадағы Елшілігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Литва аэроғарыштық кластері арасында бейнеконференция форматында келіссөздер ұйымдастырды.

NanoAvionics (наноспутниктерді жасау және ұшыру), Geomatrix (ғарыштық түсірілімдерді автоматтандырылған өңдеу), Black Swan (спутниктерді бағдарламалық қамтамасыз ету), Eksma Optics (лазерлік аспаптар), Astrolight (атмосфералық оптикалық желілер), ЛР Сыртқы істер министрлігі, Литва аэроғарыштық қауымдастығы, Вильнюс университеті, Каунас технологиялық университеті, сондай-ақ Литваның этномәдениет мұражайы және т. б. сияқты компаниялар Қазақстанмен ынтымақтастық туралы өз ойларымен бөлісті.

Келіссөздер барысында тараптар ғарыштық технологияларды әзірлеу және пайдалану, коммерциялық қызметтерді пайдалану жөніндегі бірлескен жобалар мәселелерін зерделеу, сондай-ақ тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасында байланыстар орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Аталған жобаларды одан әрі талқылау компаниялар арасында тікелей жүргізілетін болады.