Литвада «Абай жолы» және «Ұстаздың оралуы» романдары литва тілінде жарық көрді

Литвада «Абай жолы» және «Ұстаздың оралуы» романдары литва тілінде жарық көрді

2020 жылдың 14 желтоқсанында Вильнюс қаласында Мұхтар Әуезовтің Литва тіліндегі "Абай жолы" атты қайта басылып шыққан роман-эпопеясының және Әнуар Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы" повесінің тұсаукесері өтті.

Бейнеконференция форматында өткен тұсаукесерге Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспа үйінің басшылығы, А.Мицкевич атындағы Вильнюс облыстық қоғамдық кітапханасының және Е. Симонайтите атындағы Клайпеда облыстық қоғамдық кітапханасының директорлары, Литва қауымдар үйі және Литва журналистер одағының төрағалары, Литваның ірі жоғары оқу орындарының, қазақ диаспорасының, сондай-ақ Литваның БАҚ өкілдері қатысты.

Тұсаукесерді ашқан Қазақстан Елшісі В.Темірбаев осы екі кітап Қазақстан Ұлттық Академиялық кітапханасымен елімізде жалпыға ортақ оқуға арналған жылдың бас кітаптар ретінде танылғанын баяндап өтті. Осыған орай, литвалық оқырман да Абайдың бірегей әлемін және әл-Фарабидің "Екінші ұстазы" мұрасын аша алатынын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстандық көркем әдебиеттің екі жауһары литвалық оқырмандардың қазақ халқының мәдениеті мен тарихы, оның жаны мен тағдыры туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

А.Мицкевич атындағы Вильнюс облыстық қоғамдық кітапханасының директоры Э.Банионите "Абай жолы" романының Литва тіліндегі жаңа басылымы осы жылдың күзінде астаналық кітапхананың қабырғасында ашылған Абай Құнанбайұлы атындағы оқу залының інжу-маржаны болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, "Абай жолы" романының литва тіліндегі алғашқы басылымы (1950 ж.) Е. Симонайтите Клайпеда облыстық қоғамдық кітапханасының картотекасында тіркелген литва тіліндегі алғашқы кітап болғаны қызықты тарихи факті атап өтілді.

"Абай жолы" романының қайта басылып шығу тарихын еске ала отырып, литвалық баспагер А.Жандарис көрнекті қазақстандық суретші Евгений Сидоркиннің ұлы Вадим Сидоркинге романның алғашқы басылымына 1960 жылы арнайы жасалған атақты графиктің түпнұсқалы иллюстрацияларын кітапта қолдану мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

Шығарылған кітаптар Литваның барлық облыстық және басқа да ірі кітапханаларына сыйға беріледі, олардың көпшілігінде қазірдің өзінде қазақ әдебиетінің "бұрыштары" қалыптасқан.

Сонымен қатар, 2021 жылы қазақ классиктері еңбектерінің тұсаукесері өңірдегі ең ірі, жыл сайынғы "Vilnius Book Fair" кітап көрмесінде жоспарланған.