Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады?

Желтоқсанда қазақстандықтарда 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенбі және жексенбіден бөлек, қазақстандықтар сейсенбі, 1 желтоқсанда демалады. Бұл - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар төрт күн - 16, 17, 18, 19 желтоқсан демалады. Айта кетейік, 18 желтоқсандағы демалыс күні жексенбі, 20 желтоқсанға ауысады.  

31 желтоқсан Қазақстанда ресми демалыс күні болып саналмайды. Жаңа жыл мерекесі 1 қаңтар, жұмадан басталады.


Tengrinews.kz