
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2026 жылғы 15 наурыз (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Вильнюс қаласы, Бирутес көшесі, 20А мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 406 сайлау учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумда дауыс беру өтеді.
(толық ақпарат: www.election.gov.kz)
18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Бұл құқықты жүзеге асырудың кепілі - сайлаушылар тізімдерінде сіздің деректеріңіздің болуы.
Қазақстанның Литвадағы Елшілігі жанындағы № 406 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Литваның аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорттары бар Қазақстан азаматтары енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Литва аумағында орналасқан Қазақстан азаматы сайлаушылар тізіміне ену үшін «Референдум-2026» деген белгісі бар өзінің деректерін (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері) алдын ала келесі электрондық поштасына: consulate.vilnius@mfa.kz жіберуі қажет.
Сайлаушылар тізімінде тіркелгеніңізді тексеру үшін, сондай-ақ басқа да сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарға хабарласуға болады: (+370) 5212 2123, 5231 3070, 6203 0911 (77).
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, республикалық референдумға қатысу құқығын пайдалануға шақырамыз!
ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!