Вильнюс, 2026 жылғы 17 ақпан – Литва Республикасының Президенті Г. Науседа Литва мемлекетінің қалпына келтірілу күніне орай елде аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілерімен жыл сайынғы кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекет басшысы Литваның ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтарын таныстырып, орнықты әлеуметтік-экономикалық даму, энергетикалық тәуелсіздік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшісі Т. Оразаев дипломатиялық корпустың жыл сайынғы кездесуіне қатысып, Қазақстанның екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық, инвестициялық әрі мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделілігін растады.
Жыл сайынғы кездесуге 63 ел мен 7 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты.