Алитус, 2025 жылғы 10 қазан – Литвадағы Қазақстан Елшілігінің өкілдері, Тимур Оразаев жетекшілігімен, Ұлы Отан соғыстың батыры және Қазақстан тумасы Алексей Яковлевич Тихоненконың рухына тағзым етіп, оның Алитус қаласындағы жерленген жеріне гүл шоғын қойды.
А. Тихоненко Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Ол фашизмге қарсы ортақ Жеңіске айтарлықтай үлес қосып, Отанын және болашақ ұрпақтың еркіндігін қорғады. Тихоненконың ерлігі соғыстың ең ауыр жылдарында бейбітшілікті қорғауға шыққан жүздеген мың қазақстандықтардың батырлығы мен жанқиярлығын бейнелейді.
Дипломатиялық өкілдіктің басшысы Тимур Оразаев Қазақстанның тарихи жадыны сақтау мен бейбітшілік жолында жанын пида еткендерді құрметтеуге үлкен мән беретінін атап өтті. «А. Тихоненко сияқты тұлғалардың есімі – жай ғана тарих емес. Бұл – ұрпақтар арасындағы тірі байланыс әрі халықтарымызды біріктіретін достықтың маңызды бөлігі», – деді ол.