Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына (бұдан әрі – № 59 БМСДҚ) мынадай өзгерістер енгізілсін:

7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді (тек ПТР әдісімен жасалған тесттің теріс нәтижесі қабылданады);»;

2) № 59 БМСДҚ-ға 1-қосымшада 5-тармақ алып тасталсын.

5) Осы қаулы 2021 жылғы 14 сәуір сағат 00-ден бастап күшіне енеді