Вильнюс, 2025 жылғы 9 маусым – Халықаралық архивтер күніне орай Вильнюс қаласында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архиві мен Литваның Орталық мемлекеттік архиві арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл оқиға Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Құжаттың мақсаты – тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және архив саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамыту.
Салтанатты рәсім аясында «XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ даласының мәдениетіндегі әйел рөлі» атты фотокөрменің ашылуы өтті. Экспозиция Қазақстан тарапынан дайындалып, ұсынылды, ал оның техникалық ресімделуі мен көрсетілуі литвалық әріптестердің қолдауымен жүзеге асты.
Салтанатты бөлімде Литваның Орталық мемлекеттік архивінің директоры Далиус Жижис пен Елшісі Тимур Оразаев құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан архивінің қызметі мен халықаралық жобалары туралы архив директорының орынбасары Сауле Сатаева баяндама жасады.