Елшінің Литва Сеймі Сыртқы істер комитетінің төрағасымен кездесуі туралы

Елшінің Литва Сеймі Сыртқы істер комитетінің төрағасымен кездесуі туралы

Вильнюс, 2025 жылғы 27  мамыр -   Елші Т.Оразаев Литва Сеймі Сыртқы істер комитетінің төрағасы Р. Мотузаспен  кездесті. 

Кездесу барысында тараптар екіжақты парламентаралық және саяси ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Қазақстан мен Литва арасындағы халықаралық ұйымдар аясындағы тұрақты өзара іс-қимыл, соның ішінде Қазақстан бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестіктің дамып келе жатқаны атап өтілді.

Әңгімелесушілер парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға, мәдени және гуманитарлық алмасуларды кеңейтуге мүдделілік білдіріп, өзара құрмет пен тарихи жадыға негізделген диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу ашықтық пен сындарлы әріптестік рухында өтті.