Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары, сондай-ақ еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті және цифрландыруды дамыту саласындағы тәжірибесі таныстырылды

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары, сондай-ақ еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті және цифрландыруды дамыту саласындағы тәжірибесі таныстырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет және инновациялар мен цифрландыруды қолдану арқылы транспаренттілікті арттыру жолымен     ЕҚЫҰ өңірінде қауіпсіздікті, тұрақтылық пен экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелері Албанияның төрағалығымен Прага қаласында биылғы 10-11 қыркүйекте аралас форматта өткен ЕҚЫҰ-ның 28-ші Экономика және қоршаған орта форумының негізгі күн тәртібі болды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай  Форумның ашылуындағы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, цифрландыруды дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын, және бұл жөнінде  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің таяудағы Жолдауында да айтқанын атап өтті. ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің назарына еліміздің жаңа экономикалық бағдарының жеті негізгі қағидаты жеткізілді. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіргенін, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлығы үшін қылмыстық жауапкершілік конвенциясына қосылуға ниетті екендігін атап айтты.

Форумның бірінші сессиясына негізгі баяндамашы ретінде онлайн форматында қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов цифрлық технологиялардың, атап айтқанда, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және электрондық үкіметті дамытудың аясында, биліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдап жатқан іс-қимыл шаралары туралы хабардар етті, және олар транспаренттілікке әрі сол арқылы елдегі сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына және қарсы іс-әрекетке ықпал ететінін мәлімдеді.

Форумның жұмысына ЕҚЫҰ-ға 57 қатысушы елдің мемлекеттік органдарының,  халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жоғары мәртебелі өкілдері, академиялық орталар мен жеке сектордың  сарапшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері қатысты.

Форумның аясында Қ.Сарыбай сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен бірқатар көздесулер өткізіп, олардың барысында Ұйымның күн тәртібі мен елдер арасындағы алдағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.