Аустрияда Венаны азат ету жолында қаза тапқан кеңес сарбаздарына арналған мемориал ашылды

Аустрияда Венаны азат ету жолында қаза тапқан кеңес сарбаздарына арналған мемориал ашылды

Вена, 2025 жылғы 15 сәуір – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында Төменгі Аустрия федералды жерінің астанасы Санкт-Пёльтен қаласында Венаны азат ету операциясы барысында қаза тапқан кеңес сарбаздарының есімдері жазылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті. Қаһармандар арасында Аустрияны фашистік әскерлерден азат ету шайқастарына қатысқан қазақстандықтар да бар. Гүл шоқтарын қою рәсіміне ТМД елдерінің Елшілері мен дипломаттары, Төменгі Аустрия әкімшілігінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Гүл шоқтарын қою рәсіміне ТМД елдерінің Елшілері мен дипломаттары, Төменгі Аустрия әкімшілігінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Салтанатты шарада Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді фашизмге қарсы күрестің ортақ тарихы демократиялық құндылықтарды насихаттауға, халықтарымыздың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға берік негіз болатынын атап өтті.

Іс-шараға Қазақстаннан келген ұрпақтары – 1945 жылдың 15 сәуірінде қаза тапқан 105-гвардиялық атқыштар дивизиясының кіші сержанты Ташжан Тоқышевтің немересі мен шөбересі қатысты. Дәл осы күні Херцогенбург қаласында Т.Тоқышевтің бейітінде қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігіне арналған жеке еске алу рәсімі өтті, оған Т.Тоқышевтің ұрпақтары мен Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің дипломаттары қатысты.