Қазақстан мен Аустрия парламентаралық ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Аустрия парламентаралық ынтымақтастықты дамытуда

Вена, 2025 жылғы 31 наурыз – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия Парламенті Ұлттық кеңесінің Үшінші Президенті, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының мүшесі Дорис Буреспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту мәселелерін және елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын талқылады. Ерекше назар Еуроодақпен әріптестікті тереңдетуге, ЕҚЫҰ ПА және Еуропа Кеңесі ПА-мен демократияны нығайту саласындағы өзара іс-қимылға аударылды.

Президент Бурес екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты дамуын атап өтіп, Қазақстан мен Аустрия арасындағы әртүрлі салалардағы байланыстарды кеңейтуге қолдау білдірді. Ол сондай-ақ Қазақстан мен ЕО арасындағы саяси диалогтың жандануын, адам құқықтарын қорғау саласындағы реформаларды және Қазақстанның халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ұстанымын жоғары бағалады.

Тараптар екі елдің заң шығару органдары арасындағы өзара іс-қимылды халықаралық парламенттік ұйымдар аясында күшейтуді қоса алғанда, екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Парламенттік диалогты одан әрі нығайту мақсатында тұрақты кездесулер өткізуді жалғастыру ниеті білдірілді.

Кездесу соңында Елші Тілеуберді Дорис Буресті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.