Қазақстан автономды қару жүйелерін реттеу қажеттігін атап өтуде

Қазақстан автономды қару жүйелерін реттеу қажеттігін  атап өтуде

Вена, 2024 жылғы 2 мамыр – Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация 29-30 сәуірде өткен «Адамзат жол айрығында: автономды қару жүйелері және реттеу мәселесі» атты халықаралық конференцияға қатысты. Онда  автономды қару жүйелерінің болашағы құқықтық, этикалық, гуманитарлық және халықаралық қауіпсіздік тұрғысынан жанжақты қарастырылды.

Форум мемлекеттер, тиісті халықаралық ұйымдар өкілдері және осы саладағы танымал сарапшылар арасында терең пікір алмасуға қолайлы мүмкіндік берді. Қатысушылар «автономды» қарулану жарысына жол ашу, әскери жанжалдарды  өршіте түсу және мемлекеттік емес субъектілердің аталмыш қару түрлеріне қол жеткізу сын-қатерлерін ұғына отырып, осы бағытта алдын алу шараларын дереу ойластыру өзектілігін бірауыздан қолдады.

Қазақстан ядролық қарусызданудың және жаһандық қауіпсіздік архитектурасын нығайтудың белсенді жақтаушысы ретінде Халықаралық Конференцияның мақсаттары мен міндеттерін толықтай қолдап, аталмыш сын-қатерлердің алдын алып реттеу үшін халықаралық құқықтық нормаларды әзірлеуге дайырлығын білдірді.

Конференцияның Төрағасының қорытындысы осы саладағы ұжымдық күш-жігерді одан әрі белсендіруге үндейді.