Қазақстан Аустрияның адам саудасына қарсы күрес саласындағы тәжірибесін зерттеуде

Қазақстан Аустрияның адам саудасына қарсы күрес саласындағы тәжірибесін зерттеуде

Вена қ., 2024 жылғы 23 сәуір – Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасы (БОМКА 10) бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде және Көші-қон саясатын дамыту жөніндегі халықаралық орталығының жәрдемдесуімен ҚР Ішкі істер министрлігі мен оның оқу орындарының өкілдері Аустрияда жұмыс сапарымен болды.

Адам саудасына қарсы күрес мәселелерінде маманданған Қазақстан сарапшылары Аустрияның Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесіп, елдің осы саладағы тәжірибесімен танысты. Қатысушылар Аустрияның Полиция академиясына және Мигранттарды заңсыз әкелуге қарсы күрес, адам саудасына қарсы іс-қимыл және арнайы тергеу жөніндегі бірлескен жедел басқармасына барып, Қазақстанда үздік тәжірибелерді енгізу мақсатында адам саудасына қарсы күресті басқарудың тәсілдері мен осы бағыттағы жаңа және қолданыстағы кадрларды даярлау жүйесімен таныстырды.