Венадағы ЕҚЫҰ конференциясында адам саудасына қарсы жаңа тәсілдері талқыланды

Венадағы ЕҚЫҰ конференциясында адам саудасына қарсы жаңа тәсілдері талқыланды

Вена, 2024 жылғы 17 сәуір Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы Альянсының «Хабардарлықты арттырудан артық: адам саудасының алдын алу тәсілдерін қайта қарау» тақырыбындағы 24-ші конференциясына қатысты. Қазақстан делегациясының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Бәшімов, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері кірді.

ЕҚЫҰ-ның Арнайы өкілі, адам саудасына қарсы күрес жөніндегі үйлестірушісі Кари Джонстон, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмид, ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Мальтаның Сыртқы және еуропалық істер және сауда министрі Ян Борг және ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі офисінің директоры Маттео Мекаччи конференцияның ашылуында сөз сөйледі.

Өз кезегінде, М. Бәшімов елімізде адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша қолға алынып жатқан шараларын, оның ішінде (2022 жылғы 13 сәуірдегі) «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң жобасын ерекше атап өтті. Бұл құжат кешенді тәсілді қарастырады және төрт негізгі бағытты қамтиды: серіктестік, алдын алу, қылмыстық қудалау және көмек.

Адам саудасына қарсы Альянс конференциясы ЕҚЫҰ өңірінің негізгі мүдделі тараптарының жыл сайынғы жоғары деңгейдегі жиналысы, оның мақсаты адам саудасына қарсы күрестің саяси мәртебесін көтеру және осы салада туындайтын тақырыптар мен тенденцияларды талқылау болып табылады.