Қазақстан аустриялық өнеркәсіптің назарында

Қазақстан аустриялық өнеркәсіптің назарында

Вена, 2024 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия өнеркәсіп қауымдастығының Президенті Георг Книллмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымын талқылады. Өзара іс-қимылдың әлеуетті бағыттары – «жасыл» экономика, инфрақұрылым, энергетика, машина жасау салаларына ерекше назар аударылды. Елші аустриялық бизнестің еуропалық Global Gateway стратегиясын жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктерін атап өтті. Аустриялық функционер қауымдастық мүшелерінің қазақстандық нарық мүмкіндіктеріне қызығушылығын білдірді.

Елші М. Тілеуберді сұхбаттасушыларды еліміздегі жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар мен ҚР-дың инвестициялық саясатындағы негізгі үрдістер туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысында әңгімелесушілер ынтымақтастықты жандандыруға келісіп, ағымдағы жылы бірлескен іс-шаралар жоспарын белгіледі.

Анықтама: 1946 ж. құрылған Аустрия өнеркәсіп қауымдастығы аустриялық өнеркәсібі мен онымен байланысты секторлардың мүдделерін білдіретін ерікті және тәуелсіз ұйым болып табылады. Қауымдастық федералдық жерлер, федералдық деңгейде және Еуропада өндіріс, несие секторы, инфрақұрылым және өнеркәсіпке қатысты қызмет көрсету саласының 5000-нан астам мүшесінің мүдделерін қорғайды.