Аустрия Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Аустрия Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Вена, 2024 жылғы 8 ақпан – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия СІМ Бас хатшысы Николаус Маршикпен кездесті.

Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымын талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейде өзара сапарларды ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді. Әңгімелесу барысында құқықтық-шарттық базаны кеңейту, сондай-ақ ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін ырықтандыру мәселелері қозғалды.

Н. Маршиктің айтуынша, Қазақстан Аустрияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Еуропалық Одақтың Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға қызығушылығының артуы аясында еліміздің Азия мен Еуропа арасындағы жеткізу тізбегіндегі стратегиялық рөлін атап өтті.

Аустриялық дипломат екі елдің ЕҚЫҰ мен БҰҰ-ны қоса алғанда, көпжақты алаңдарда тығыз өзара іс-қимылын хабардар етті. Тараптар өзекті сын-қатерлер тұрғысынан халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында әңгімелесушілер ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту және тереңдету жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.