Қазақстанның Тұрақты өкілі Венадағы халықаралық ұйымдар қызметкерлерімен кездесті

Қазақстанның Тұрақты өкілі Венадағы халықаралық ұйымдар қызметкерлерімен кездесті

Вена, 2023 жылғы 25 қаңтар – Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде ҚР Тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Венадағы халықаралық ұйымдарда қызмет жасайтын қазақстандық азаматтармен кездесті.

Сұхбат барысында Елші халықаралық сарапшыларды Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары және Тұрақты өкілдіктің алдағы жоспарлары туралы хабардар етіп, наурыз айында өтетін парламенттік сайлауды қоса алғанда, Тұрақты өкілдіктің мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларына белсенді қатысуға шақырды.

Тараптар Қазақстан мен АЭХА, БҰҰ ЕҚБ, ЮНИДО, ЕҚЫҰ және Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөнінде жан-жақты пікір алмасты.