Венада Солтүстік Македонияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары таныстырылды

Венада Солтүстік Македонияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары таныстырылды

Вена, 2023 жылғы 16 қаңтар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) биыл Солтүстік Македонияның төрағалық қызметіне кірісуне байланысты Тұрақты кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

2023 жылғы төрағалықтың басымдықтарын ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи таныстырды.

Іс басындағы төраға Солтүстік Македония Еуропа қауіпсіздігінің тәртібін қорғап және ЕҚЫҰ қауіпсіздігінің жан-жақты тұжырымдамасын ұстана отырып, күш-жігерін барлық 57 қатысушы мемлекет қалайтын принциптер мен міндеттемелерге шоғырландырмақ ниетте.

Украиналық мәселе барлық үш өлшемде төрағалық етудің басты басымдығы болып қала береді. Сонымен қатар, төрағалық ЕҚЫҰ қызметін «қалыпты бағытқа» қайтаруға және Ұйымның әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық өлшемдеріндегі қауіпсіздік мәселелерін жыл ішінде қарастыруға назар аударуда.

Өз кезегінде, Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Іс-басындағы төрағалықтың басымдықтарын қолдай отырып, әлемдегі қазіргі геосаяси өзгерістер мен ЕҚЫҰ өңіріндегі өзара сенімнің жоқтығын ескере отырып, Солтүстік Македонияның адамзаттың игілігі үшін Хельсинки Қорытынды актінің негізгі құндылықтарына назар аударуына үміт білдірді.

Сонымен бірге, қазақстандық делегация терроризмге қарсы күрес, есірткі тасымалы сияқты қазіргі заман қауіп-қатерлерінің алдын алуға күш-жігер жұмсаудың қажеттілігіне тоқталды.