Құрметті отандастар, қазақ диаспорасының өкілдері және достар!

Құрметті отандастар, қазақ диаспорасының өкілдері және достар!

Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігі Rennweg 9, 1030 Wien мекенжайында орналасқан «Edustream» тіл мектебінде қазақ тілін меңгеру курстарының ашылуы туралы қуанышпен хабарлайды.

Қазақ тілі курстары 2023 жылғы 21 қантардан 2023 жылғы 31 мамырға дейін келесі кестеге сәйкес өткізіледі:

  • апта сайын сенбі күндері сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін бастауыш топ үшін;
  • апта сайын сенбі күндері сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін тіл білімі орташа деңгейдегі топқа арналған.

Оқу курстарына қатысуға ниет білдірген азаматтарды және олардың отбасы мүшелерін, жеке деректері (оқушының аты-жөні, туған күні және қазақ тілін білу деңгейі) тіркелген өтініштермен қоса d.suleyev@mfa.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Қосымша сұрақтар бойынша +43 681 84 29 47 55 арқылы хабарласуға болады.