ҚР делегациясы Венадағы есірткі және қылмыс жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысты

ҚР делегациясы Венадағы есірткі және қылмыс жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысты

Вена, 2022 жылғы 9 желтоқсан – Қазақстан Республикасының делегациясы 2022 жылғы 8-9 желтоқсанда Венада гибридті форматта өткен Есірткі құралдары жөніндегі комиссияның 65-ші жаңартылған сессиясының және Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссияның 31-ші жаңартылған сессиясының жұмысына қатысты.

Делегацияны бастаған ҚР Бас прокуратурасының өкілі А.Қадыров ұлттық сөз сөйлеуде Қазақстанның үш халықаралық есірткіге қарсы конвенцияны орындауға бейілділігін растады. Сонымен қатар, ол БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) қолдауымен құрылған және жұмыс істейтін ОАӨАҮО-ның рөлін атап өтті, сондай-ақ өткен жылы Орталыққа жасаған сапары үшін БҰҰ ЕҚБ Атқарушы директоры Ғада Уәлиге алғысын білдірді. Еске сала кетейік, Қазақстан 2022-2023 жылдар кезеңінде Есірткі құралдары жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады.