Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі ЕҚЫҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі  ЕҚЫҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

Вена, 2022 жылғы 15 қараша – Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Бақаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидке сенім грамоталарын табыстады.

ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің жаңа мүшесін қарсы алып, Бас хатшы қазақстандық дипломатты маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Ұйымының барлық үш өлшемде өзара ынтымақтастықтың жоғары дәрежесіне қолдау көрсетті. Х. Шмидтің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ең белсенді қатысушы мемлекеттердің бірі болып табылатынына және оның қызметінде маңызды рөл атқаратынына ерекше мән берді.

Өз кезегінде, Ә. Бақаев Хатшылықтың осындай келіспеушілігі мол кезеңдегі жұмысын үйлестіру жөніндегі күш-жігерін атап өтіп, ЕҚЫҰ-ның бүкіл өңірінде фокусты сақтағаны үшін алғысын білдірді. Тұрақты өкіл экономикалық-экологиялық өлшем әлеуетін одан әрі дамыту қажеттігіне назар аударып, Қазақстан аумағында, оның ішінде энергетика және су ресурстарының қауіпсіздігі салаларында іске асырылып жатқан бірқатар жобаларды ерекше атап өтті.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді талқылау барысында Бас хатшы қазақстандық тарапқа Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро сарапшыларын осы процестерге белсенді жұмылдырғаны үшін алғыс білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен әртүрлі деңгейдегі диалогты қолдау және өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту бойынша келешек қадамдарды белгіледі.