Венада Қазақстан-Аустрия қарым-қатынастарын жан-жақты нығайту мүмкіндіктері талқыланды

Венада Қазақстан-Аустрия қарым-қатынастарын жан-жақты нығайту мүмкіндіктері талқыланды

Вена, 2022 жылғы 5-6 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Венаға жұмыс сапары аясында Аустрия ресми өкілдерімен бірқатар келіссөздер өткізді.

Аустрия Федералдық Президентінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Герда Фогльмен келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Аустрия Президенті Александр Ван дер Белленмен Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-отырысы аясында өткізген кездесуінің қорытындыларын, сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ерекше назар аударылды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Аустрия тарапын алдағы кезектен тыс президенттік сайлау, елдің саяси жүйесінің трансформациясы туралы хабардар етті.

Аустрия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Петер Лаунский-Тиффентальмен кездесуде екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптар қозғалды.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Аустрия өкілдері екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық тақырыптары бойынша тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Р. Василенко Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдерімен кездесіп, сондай-ақ Аустрияның танымал басылымдарының бірі «Die Presse» тілшісіне сұхбат берді.

Анықтама: Қазақстанда 40-тан астан аустриялық компаниялардың өкілдіктері бар, олардың ішінде Kapsch, Liebherr, Gebrüder Weiss, Andritz Hydro, Herz Armaturen, Red Bull, Swarovski, Frey Wille, Trodat, Colop, Julius Blum және т.б.

2022 ж. қаңтар-шілде аралығында екіжақты тауар айналымы 95 млн. долл. құрады. Қазақстандық экспорт 3,4 млн. долларға жетті, импорт – 91,6 млн. долл. 2021 ж. бұл көрсеткіш 95,7 млн. долл құрады, соның ішінде 1 млн. долл. – экспорт, импорт – 94,7 млн.долл.

2021 ж. Қазақстан мен Аустрия арасындағы тауар айналымы 161,1 млн. долл. Құрады (экспорт – 3,3 млн., импорт – 159,8 млн.), бұл көрсеткіш 2020 ж. салыстырғанда 2,7% өскен (158,8 млн. долл.). Экспорт бұрынғы қалпында қалып, импорт 2,8% өскен.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылғы төрағалығында Астанада ұйымның алғашқы саммитінде «Қауіпсіз қоғамдастыққа барар жолда» атты Астана Декларациясы қабылданды.