ЕҚЫҰ-ға қатысушы-мемлекеттер алдағы ҚР Президентінің сайлауы туралы таныстырылды

ЕҚЫҰ-ға қатысушы-мемлекеттер  алдағы ҚР Президентінің сайлауы туралы таныстырылды

Вена, 2022 жылғы 26 қыркүйек ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысы барысында Қазақстан делегациясы Ұйымға қатысушы мемлекеттерді ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашада өтетінін мәлімдеді.

Елдегі саяси жүйені түбегейлі өзгертуіне әкелетін жаңа сайлау циклы басталғаны атап өтілді.

Сайлауды өткізу елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша өзекті және стратегиялық міндеттерін шешуге назар аударуға мүмкіндік береді.

Қазақстан өкілі отырысқа қатысушыларды президенттік билікті монополиясыздандыруға бағытталған конституциялық реформаның жалғасы болатын қайта сайлау құқығынсыз бір реттік 7 жылдық президенттік мерзімнің енгізілуі туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

Мемлекет «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын қатаң ұстанатын болады.

Сондай-ақ, шетелдік дипломаттардың назарына Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі туралы және оған Рим Папасы Франциск қатысып, Қазақстанның этносаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі негізгі рөлін атап өткені баяндалды.