Аустрияда қазақстандық балалардың суреттер көрмесі өтті

Аустрияда қазақстандық балалардың суреттер көрмесі өтті

Вена, 2022 жылғы 19 қыркүйек – Венада алғаш рет «One world. New generation» мәдени шаралар апталығы аясында Қазақстан балаларының сурет көрмелер сериясы жарық көрді. Олар Республикалық балалар суретінің «Жануарлар - менің достарым» және «Менің жасыл планетам» байқауларының жеңімпаздары. Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі мен «Edustream» бас демеуші білім беру орталығының қолдауымен 12 мен 17 жас аралығындағы 10 жас талант Еуропаның орталығына келді.

«Жануарлар – менің достарым» және «Менің жасыл планетам» байқаулары 2020 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қамқорлығымен өткен. Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин идеялық шабыт берушісі болды.

«One world. New generation» апта аясында Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Омаровтың, БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры Гада Валидің, аустриялық парламент депутаттары, бірқатар мемлекет елшілері, ЕҚЫҰ басшылары, Аустрия федералды жерлеріндегі ҚР-дың құрметті консулдары, сондай-ақ Вена мэриясы мен жергілікті мемлекеттік білім органдарының өкілдерінің қатысуымен балалар суреті көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Балаларымыздың жан айқайы еленетініне үмітіміз зор. Ал балалардың ересектерге жасаған ұсыныстары біздің планетамызды сақтап қалуға ықпалын тигізер», - деп Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин атап өтті.

«Edustream» басшысы Наталья Мұхамеджанова суретші балаларының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының және БҰҰ-ның көптеген бөлімшелерінің орналасқан Вена қаласына жасаған сапарының негізгі идеясын «Қазақстан балалары бейбітшілік жолдауымен келді» деген сөздермен жеткізді.

Жас жеңімпаздардың туындыларын БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің басшысы, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Гада Вали жоғары бағалап, кеш қонақтарын қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау туралы балалардың пікірін тыңдауға шақырды. «Балалар-бұл біздің болашағымыз және біз осы болашақтың жарқын болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет» - деп БҰҰ өкілі қолдау көрсетті.

Балалар омбудсмені Аружан Саин ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде арнайы баяндама жасап, Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау шаралары мен олардың дамуы мен білім алуына қолайлы жағдай жасау жөніндегі ел басшылығының саясаты туралы сөз сөйледі.

Байқау жеңімпаздарына арналған іс-шараларға толы бағдарлама шеңберінде ЮНЕСКО-ның қамқорлығындағы, ICDO (International Cultural Diversity Organization) ұйысдастырған "Peace and Cultural Diversity" сурет көрмесі өтіп, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының арнайы мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің, «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының жұмыстары да ұсынылды.

Жас дарындардың Венаға сапары және олардың түрлі іс-шараларға қатысуы ресми тұлғаларды, халықаралық құрылымдарды және аустриялық қоғамды балалардың қоршаған ортаны қорғаудағы көркем және мазмұнды көзқарастарымен таныстыруға мүмкіндік берді.

«Бейбітшілік месседжі» көрме іс-шараларына келген қонақтардың жылы әрі ынталы лебіздері бойынша тыңдалды.