Венада Тоқтар Әубәкіров пен аустриялық ғарышкер Франц Фибектің бірлескен ұшуының 30 жылдығын атап өтті

Венада Тоқтар Әубәкіров пен аустриялық ғарышкер Франц Фибектің бірлескен ұшуының 30 жылдығын атап өтті

Вена, 2021 жылғы 1 қазан – Вена техникалық мұражайында Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі мен Аустрияның көлік, инновация және технология министрлігінің қолдауымен ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, аустриялық ғарышкер Франц Фибек және экипаж командирі Александр Волков кіретін «Австромир» атты ғарыш экспедициясының 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған іс-шара өтті.

Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы жылында еңбек сіңірген сынаушы-ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров ғарыш кеңістігінде болған қазақ халқының алғашқы өкілі болғанына тура 30 жыл толады. Осы ерлігі үшін ол «Халық Қаһарманы» атағына ие болды.

Дәл осы күн ғарышқа тұңғыш рет отандастарын жіберген екі мемлекет - Қазақстан мен Аустрия үшін тарихи күн болды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Байқоңыр ғарыш айлағына көптеген одақтас республикалардың басшылары, соның ішінде Аустрия канцлері Франц Враницкий ұшып келді.

Аталған іс-шараға Аустрияның Көлік, инновация және технология Федералды министрі Леонора Гевесслер, аустриялық ғарышкер Франц Фибек, қазақстандық ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Вена техникалық мұражайының бас директоры, сондай-ақ ғарышкерлік саласындағы ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.

Панельдік сессия барысында қатысушылар ғарышқа дайындық, ұшу, болу тарихымен бөлісіп, ғарыш саласының ең өзекті мәселелерін, оның ішінде заманауи ғарыш қызметінің қиындықтары мен ғарыш зерттеулерінің перспективаларын талқылады.

Өзінің бейне үндеуі аясында Т. Әубәкіров аустриялықтарды және өзінің әріптесі, жақын досы Ф. Фибекті экспедиция күнінің мерейтойымен құттықтап, Байқоңыр қаласында өткен дайындық, экипажбен ұзақ ғұмыр кешкен берік достық пен ғарышқа шығарып салу туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, халқымыздың қонақжайлылығы мен ақкөңілділігін ерекше атап өтіп, аустриялықтарды Қазақстанға келуге шақырды.

Қазақстанның Венадағы Елшісі Қайрат Омаров өзінің құттықтау сөзінде: Тоқтар Әубәкіровтың ұшуы халқымыздың патриоттық мақтанышының тақырыбы болып, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуымен қатар жүретін ұлттық сана-сезімнің қуатты серпілісінің бір бөлігі болды. Бұл ұшу еліміздің ғарышты игерудегі айрықша рөлінің көрінісі болды, себебі жер орбитасына барлық әлемдік ұшырулардың жартысынан көбін қамтамасыз еткен Байқоңыр - адамзаттың ғарыштық бесігі».

Қазақстандық ғарышкерлер ел Тәуелсіздігінің таңында өздерін мәлімдеді және терең зерделеніп, есте сақталуға тиіс жаңа тарихтың бір бөлігіне айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында дәл осы философияны - тарихты танып, Қазақстанды халықаралық аренада өзінің жетістіктерімен даңқтап жүргендерді білу деп атап көрсетеді.