Қазақстан-Аустрия Экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы аясындағы Аустрия делегациясының Нұр-Сұлтанға сапарының нәтижелері туралы

Қазақстан-Аустрия Экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы аясындағы Аустрия делегациясының Нұр-Сұлтанға сапарының нәтижелері туралы

2021 жылдың 21-24 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың және Аустрия Республикасы Цифрландыру және экономика федералды министрлігінің Экономика, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Флориан Фраушердің төрағалығымен Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының 10-шы мерейтойлық отырысы өтті.

Отырыс ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Аустрия Республикасының цифрландыру және экономика Федералды министрі Маргарет Шрамбектің бейне үндеулерімен ашылды. Кездесуге екі елдің бірқатар министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты. Отырыс барысында тараптар сауда және инвестиция, қаржы, банк ісі, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және инфрақұрылым, цифрландыру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Аустриядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 2020 жылдың қорытындысы бойынша 40 млн АҚШ доллардан асты. Қазақстан мен Аустрия арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде 96,4 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14% - ға жоғары (84,6 млн АҚШ доллары). Қазақстаннан Аустрияға 2021 жылғы қаңтар-шілдеде экспорт 59,1% -ға төмендеп, 1,0 млн АҚШ долларын құрады. Ал Аустриядан Қазақстанға импорт 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 16,2% - ға өсіп, 95,4 млн АҚШ доллар көлемінде болды.

400-ге жуық аустриялық компания Қазақстанмен белсенді іскерлік қарым-қатынаста, оның ішінде Аустрияның қатысуымен 83 бірлескен кәсіпорындар өз қызметін Қазақстанда жүзеге асырады.

Отырыс аясында авиациялық-диспетчерлік қызметтер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі «Frequentis AG» мен «Қазаэронавигация» РМК арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, Аустриялық бақылау банкі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Жақын арада қаржы институттары еліміздегі қазақстандық және аустриялық шағын және орта бизнестің бірлескен жобаларын дамытуға 20 миллион еуро көлемінде аустриялық тараптың несие желісін бөлу туралы келісімге қол қойылатыны болжануда.

Сапар барысында Аустрия делегациясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М. Әшімбаевпен, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаровпен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев және басқа да ведомстволардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

Жоғарыда аталған күндері шеңберінде Аустрия экономикалық палатасының вице-президенті Рихард Шенц бастаған 20-дан астам компаниядан тұратын аустриялық іскерлік делегациясы Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында болды.

Іскерлік делегация қазақстандық компаниялармен В2В форматында бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумына, «Сарыарқа» АЭА қызметімен танысып, сондай-ақ Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі - Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы М. Пішембаев пен Аустрия экономикалық палатасының вице-президенті Рихард Шенцтің төрағалығымен өткен Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің 8-ші отырысына қатысты.

Сапар соңында тараптар қарқынды екіжақты экономикалық қатынастарды тереңдетуге, сондай-ақ жоғары және жоғары деңгейлерде өзара сапарларды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.