Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында тақырыптық көрме ашылды

Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында тақырыптық көрме ашылды

Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған іс -шаралар аясында Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында тақырыптық көрме ашылды. Онда бірегей фотосуреттер, тарихи құжаттар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығы, сонымен қатар аталған тақырып бойынша балалардың суреттері ұсынылған.

Көрмеде полигонның қызметіне және жабылуына қатысты сирек кездесетін фотосуреттер мен бейнероликтер, сонымен бірге Семей полигонының тарихын егжей-тегжейлі баяндайтын британдық режиссер Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» атты деректі фильмі көрсетілуде.