Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағын өткізу туралы

Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағын өткізу туралы

2021 жылғы 29 қаңтарда өткен ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңесте Мемлекет басшысы берген тапсырмаға және «2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын:

1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимінде;

2) 2021 жылғы 1-30 қазан аралығындағы кезеңде планшеттерді қолдану арқылы өткізу көзделген.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шет елдерде тұратын ҚР азаматтары «www.sanaq.gov.kz» сайтында (сілтеме жасау арқылы) немесе әлеуметтік желіде «Aitu» мобильдік қосымшасы арқылы санақ парақтарының сұрақтарына жауап беруге шақырылатын болады.