Аустриялық қайраткерлер ТҮРКСОЙ-дың «Абайдың 175 жылдығы» медальдарымен марапатталды

Аустриялық қайраткерлер ТҮРКСОЙ-дың «Абайдың 175 жылдығы» медальдарымен марапатталды

Қазақстанның Вена қаласындағы Елшілігінде ұлы қазақ ақынының есімі мен мұрасын насихаттауға зор үлес қосқан аустриялық серіктестерге ТҮРКСОЙ-дың «Абай 175 жыл» атты естелік медальдары табыс етілді.

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы төрайымы Кристин Муттонен, сондай-ақ «Қазақстан достары клубының» мүшесі Рудольф Лобмайер құрметті марапаттарға ие болды.

Өз кезегінде қонақтар олардың қызметтерін жоғары бағалағаны үшін ризашылықтарын білдіріп, екі халық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға одан әрі ықпал етуге дайын екендіктерін растады.

Еске салайық, 2019 жылдың тамызында Елшіліктің қолдауымен Орталық және Шығыс Қазақстанның киелі жерлеріне «Silk Way Expedition Through The Great Steppe 2019» жобасы аясында аустриялық қатысушылары үшін экспедиция ұйымдастырылып, оның ішінде К. Муттонен де қатысты. Сапар барысында қатысушылар Абай Құнанбаевтың туған жеріне барып, онда ЕҚЫҰ ПА-ның бұрынғы төрайымы ақынның «Жаз» өлеңін неміс тілінде оқыды.