Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық дипломаттар Аустрияның бұрынғы концлагерінде болды

Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық дипломаттар Аустрияның бұрынғы концлагерінде болды

2021 жылғы 16 мамырда қазақстандық дипломаттар бұрынғы нацистік концлагерьдің орнындағы «Маутхаузен» мемориалдық кешеніндегі салтанатты аза тұту рәсіміне қатысты. Фашизм құрбандарына арналған орталық ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Атышулы концлагерь Аустрия аймағының бірінде орналасып, оған Жоғарғы Аустрияда орналасқан 49 басқа филиалдар кірді. Маутхаузен тұтқындарды ұстаудың ерекше қатал режимі бар мекемелердің бірі болып саналады. Мекемеде 122 мыңнан астам адам өлім жазасына кесіліп, оның 32 мыңнан астамы кеңес азаматтары болды. Соғыс аяқталғаннан кейін лагерь аумағында Маутхаузен мемориалдық мұражайы құрылды.

Сонымен бірге, Аустрияда қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің құрметіне Батыс Еуропадағы алғашқы ұлттық мемориалдық «қайғы қабырғасында» бөлек құрмет көрсетілді. Аталған ескерткіш Қазақстан Республикасының Венадағы Елшілігінің бастамасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығында пайда болды.

Қеңес әскері құрамындағы қазақстандықтар Еуропа азаттығы үшін күресте, Аустрия үшін шайқастарда баға жетпес үлестерін қосып, соғысқа жеңіс нүктесін қойды. Аустрия аумағында біздің мыңнан астам отандастарымыз қаза тапты.

Балаларымыздың бейбіт өмірі мен келешегі үшін бұл қасіретті соғысты есте сақтаймыз. Ұрыс даласында өз өмірлерін қиған, сондай-ақ тылда жанқиярлық жұмыс атқарған абзал жандарды мәңгілік құрметтейміз.