IMC және Қазақстан-Неміс университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

IMC және Қазақстан-Неміс университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

2021 жылы 30 наурызда Қазақстан-Неміс университеті мен Кремс қолданбалы ғылымдар университеті (IMC) онлайн режимде студенттермен, алмасу, сондай-ақ бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу саласында өзара түсіністік пен одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсіміне жоғары оқу орындарының өкілдері, дипломаттар және басқа да қонақтар қатысты.

Кремс университеті 1994 жылы құрылып, Аустриядағы ең беделді университеттердің бірі болып табылады. Университет 150-ге жуық түрлі оқу орындарымен серіктес. Мәдениетаралық алмасу, шетелде тағылымдамадан өту бағдарламасы, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу және халықаралық тәжірибесі мол профессорлардың дәрістері университет қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Шетелдік студенттер үшін тартымды болатын барлық оқу бағдарламаларының жартысы ағылшын тілінде жүргізіледі.