Қазақстан Елшісі Зайберсдорфтегі МАГАТЭ-нің ядролық қолдану зертханаларын аралады

Қазақстан Елшісі Зайберсдорфтегі МАГАТЭ-нің ядролық қолдану зертханаларын аралады

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров азық-түлік пен ауыл шаруашылығы, адам денсаулығы, қоршаған орта мониторингі, экологиялық сараптама және ядролық талдау құралдарын пайдалану сияқты бағыттарды қамтитын Зайберсдорфтегі МАГАТЭ-нің ядролық қолдану зертханаларын аралады.

Зертханаларды аралау барысында Елші азық-түлік қауіпсіздігі мен климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру, сондай-ақ қатерлі ісік ауруларын емдеу кезінде сәулелерді қауіпсіз және тиімді қолдануды қамтамасыз ету және бүкіл әлемде калибрлеу және аудит қызметтерін ұсыну арқылы радиациялық дозиметрия саласындағы озық зерттеулер мен технологиялармен танысты.

Сонымен қатар, тараптар биологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қалпына келтіру және жаһандық мәселелерге тиімді әрекет ету, оның ішінде COVID-19 жағдайын талқылады.