Қазақстан делегациясы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбына арналған ЕҚЫҰ-ның 29-шы Экономика және қоршаған орта форумына Бірінші дайындық кездесуіне белсеңді қатысты

Қазақстан делегациясы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбына арналған ЕҚЫҰ-ның 29-шы Экономика және қоршаған орта форумына Бірінші дайындық кездесуіне белсеңді қатысты

Қазақстан делегациясы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбына арналған ЕҚЫҰ-ның 29-шы Экономика және қоршаған орта форумына Бірінші дайындық кездесуіне белсеңді қатысты.

Атап айтқанда, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ляззат Рамазанова жұмыс нарығында әйелдердің тең қатысуына жәрдемдесу тақырыбына арналған панельдік сессияда ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді елде бұл бағыт бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті.

Ұлттық комиссия басшысы бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 73% - ды құрайтынын хабарлады. Пандемия жағдайында әйелдер қоғамның игілігі үшін аянбай жұмыс істеді және тұрақты дамуды сақтауда жауапкершілік танытты.

«Мемлекет әйелдер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша шаралар қабылдауда, бұл қазіргі жағдайда өте маңызды. Биылдан бастап медбикелер мен дәрігерлердің жалақысын кезең – кезеңімен – 20-дан 30% - ға дейін, ал педагогтардың жалақысын жыл сайын 25% - ға ұлғайту жоспарланып отыр», - деді Лаззат Рамазанова.

Сонымен қатар, Лаззат Рамазанова Қазақстанда ер кісілер мен әйелдер бірдей атқаратын қызметте еңбекақы деңгейі біркелкі, қандай да бір айырмашылық жоқ екенін атап өтті. Дегенмен, жоғары табысты салаларда, квазимемлекеттік секторларда басшылық қызметте басшы әйелдердің үлесінде айырмашылық бар.

«Еліміздің Президенті қазірдің өзінде квазимемлекеттік сектордағы әйел басшылардың санын 30%-ға дейін арттыруды тапсырды. Бұл оларды бәсекеге қабілетті жалақымен қамтамасыз етуге және жалпы кәсіби әйел-басқарушылардың тізімін құруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Лаззат Рамазанова.

Сондай-ақ, Ұлттық комиссия басшысы 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру туралы айтты. Сөз соңында, әлем бойынша әйелдердің экономикалық жағдайына пандемияның тигізер кері әсерін бірлесіп  жою қажет екенін атап өтті.