ҚР Венадағы Тұрақты Өкілі Көші-қон саясатын дамыту жөніндегі халықаралық орталығының (ICMPD) Бас директорымен кездесті

ҚР Венадағы Тұрақты Өкілі Көші-қон саясатын дамыту жөніндегі халықаралық орталығының (ICMPD) Бас директорымен кездесті

ҚР Венадағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров Көші-қон саясатын дамыту жөніндегі халықаралық орталығының (ICMPD) Бас директоры, Аустрияның бұрынғы вице-канцлері Михаэль Шпинделеггермен кездесті.

Елші Бас директорды лауазымына қайтадан тағайындылуымен құттықтап, 2004 жылдан бастап еліміз бен ұйымның арасындағы Орталық Азиядағы Шекараларды басқаруға қолдау бағдарламасының (BOMCA) желісі бойынша жемісті ынтымақтастықты атап өтті.

М.Шпинделеггер шекара басқарудан да басқа еңбек миграциясы сияқты тақырыптар бойынша әріптестікті одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді.

Тараптар елдер арасындағы өсіп жатқан теңсіздіктің қауіпсіздік мәселелері, климаттың өзгеруі мен жалпы орнықсыздыққа әсерін ескере отырып, бұл проблемаларды көші-қон саясаты арқылы шешу жолдары туралы пікір бөлісті.