Австриямен парламентаралық ынтымақтастықты дамыту туралы

Австриямен парламентаралық ынтымақтастықты дамыту туралы

Вена, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия парламенттік қоғамы (Österreichische Parlamentarische Gesellschaft, ÖPG) ұйымдастырған іс-шараға қатысып, оның аясында Аустрия парламентінің басшылығымен және парламентаралық байланыстар саласының өкілдерімен мазмұнды әрі нәтижелі кездесулер өткізді.

Іс-шара барысында Аустрия Ұлттық кеңесінің президенті Вальтер Розенкранцпен (Walter Rosenkranz), Аустрия Федералдық кеңісінің төрағасының орынбасары, «Аустрия – Қазақстан» достық тобының мүшесі Кристина Шварц-Фукспен (Christina Schwarz-Fuchs), сондай-ақ басқа да парламент өкілдерімен мазмұнды әңгімелер өтті.

Кездесулер барысында Елші аустриялық парламентарийлерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар бағдарламасының орындалу барысымен таныстырды. Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Сұхбаттасушыларға Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі ережелері егжей-тегжейлі таныстырылып, онда билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің жаңа тетіктері, Парламент пен Вице-президенттің рөлі, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту қарастырылғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, алдағы Құрылтай сайлауын өткізу жоспарлары және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында елдің институционалдық дамуын одан әрі ілгерілету жөніндегі қадамдар таныстырылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 5–7 мамырда Аустрияның Сыртқы істер және Ішкі істер министрлерінің Қазақстанға өткен сапарына қатысты оң пікірлер айтып, парламентаралық диалогты жалғастыруға және екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді. Ағымдағы жылдың 27–30 қыркүйек аралығында Аустрия парламентінің достық тобының Қазақстанға жоспарланған сапарына ерекше назар аударылды.

Тараптар қазақстандық-аустриялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады.