Аустриядағы Қазақстан Елшілігінің футбол командасы дипломатиялық футбол турнирінің жеңімпазы атанды

Аустриядағы Қазақстан Елшілігінің футбол командасы дипломатиялық футбол турнирінің жеңімпазы атанды

Вена, 2026 жылғы 29 мамыр — Аустрия Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің футбол командасы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған дипломатиялық футбол турнирінде жеңіске жетті.

Спорттық шара дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың командаларын біріктіріп, достық қарым-қатынастарды нығайтуға, өзара түсіністікті дамытуға және халықтардың ерлікке толы тарихи мұрасын ұлықтауға арналған маңызды алаңға айналды.

Турнир барысында Елшілік футболшылары жоғары спорттық шеберлік, ұйымшылдық және адал ойын қағидаттарына берік екендіктерін көрсетті.

Турнир достық, тартысты спорттық бәсеке және өзара құрмет жағдайында өтті. Қатысушылар спорттың халықаралық байланыстарды нығайтуға және елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін маңызды құрал екенін атап өтті.