Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясын іске асыру барысын Шолу тобының жұмысына қатысты

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясын іске асыру барысын Шолу тобының жұмысына қатысты

2026 жылғы 18-22 мамыр, Вена – Венадағы БҰҰ бөлімшесінде        БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын іске асыру барысын шолу тобының 17-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы атынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қатысты.

Іс-шара мемлекеттердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясын іске асыру барысын шолу тетігінің екінші кезеңіне дайындық мәселелеріне арналды.

Конвенция ережелерін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында имплементациялау пара беруге уәде ету және оны ұсыну, ықпал саудасы, сондай-ақ өзге де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды енгізу және олар үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеу тұрғысынан ерекше маңызға ие.

Қазақстандық делегация сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ашық құрамды үкіметаралық жұмыс тобының сессиясына қатысты. Оның аясында озық тәжірибе алмасу, балалар мен жастар арасында адалдық құндылықтары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, сондай-ақ спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Сессиялар аясында Қазақстан делегациясы бірқатар қатысушы мемлекеттердің өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, озық тәжірибе алмасу және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясы ережелерін тиімді іске асыру мәселелері талқыланды.