Қазақстан ЕҚЫҰ-да Өңірлік экологиялық саммиттің нәтижелерін ұсынды

Қазақстан ЕҚЫҰ-да Өңірлік экологиялық саммиттің  нәтижелерін ұсынды

Вена, 2026 жылғы 30 сәуір. Қазақстан делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Тұрақты кеңес отырысында ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді 2026 жылдың 22-24 сәуірі аралығында Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің нәтижелері туралы хабардар етті.

Өз мәлімдемесінде Қазақстан өкілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте ұйымдастырылған саммит қоршаған орта мен климаттық іс-қимылдардың ең ірі өңірлік платформасына айналғанын атап өтті.

Саммиттің негізгі саяси нәтижесі ретінде өңір мемлекеттерінің трансшекаралық экологиялық қиындықтарға жауап ретінде бірлескен іс-қимылға міндеттемесін бекітетін «Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық туралы Астана декларациясының» қабылдануы болды. ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Қазақстан Президентінің жаһандық су ресурстарын басқаруды нығайтуға бағытталған БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасы туралы хабардар етілді. Саммит барысында осы бастама бойынша консультациялар сәтті басталды.

Қазақстан делегациясы Бас хатшы Феридун Синирлиоглу мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Төрағасы Пере Понсты қоса алғанда, ЕҚЫҰ басшылығы мен құрылымдарына саммитке белсенді қатысқаны және өңірлік экологиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Сөз сөйлеу соңында, қол жеткізілген келісімдердің ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық өлшемдегі күн тәртібі үшін маңызды екені атап өтілді. Қазақстан экологиялық ынтымақтастықты ілгерілетуге және өңірдің тұрақты болашағы үшін бірлескен бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға деген міндеттемесін қайта растады.