
Вена, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі Вена қаласындағы Шварценберг алаңында орналасқан Кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шара Ұлы Отан соғысы Аустрия астанасын нацизмнен азат ету кезінде қаза тапқан кеңес сарбаздарын еске алуға арналды.
Рәсімге қатысушылар Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қазақстан ортақ тарихи өткенге және бостандық пен тәуелсіздікті қорғаған ұрпақтардың ерлігіне құрметке негізделген халықтар арасындағы бейбітшілікті, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуды әрдайым қолдайды.