
Вена, 2026 жылғы 24 наурыз – Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ Халықаралық сауда құқығы комиссиясының (БҰҰ ХСҚК) Инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу жүйесін реформалау жөніндегі III Жұмыс тобының 54-сессиясына қатысты.
Жұмыс тобы халықаралық инвестициялық дауларды реттеудің тұрақты тетігін құру мәселесін, оның ішінде Апелляциялық трибуналдың түрлі модельдерін және оның юрисдикциясын айқындау тәртібін талқылап келеді.
Қазақстан делегациясы сессия жұмысына байқаушы мемлекет ретінде қатысып, трибунал юрисдикциясын белгілеудің ықтимал тетіктерін қарастыру барысында құқықтық айқындықты қамтамасыз етудің және ұлттық рәсімдердің ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, талқыланып отырған инвестициялық трибунал аясында дауларды мұндай тетікке беру тараптардың нақты әрі тікелей білдірілген келісіміне негізделуі құқықтық және практикалық тұрғыдан неғұрлым орынды екеніне назар аударылды.
Қазақстан Республикасы БҰҰ ХСҚК шеңберіндегі жұмысқа одан әрі сындарлы қатысуға дайын екенін растады.