
Вена, 2026 жылғы 25 ақпан – Аустрияның Грац қаласында қазақстанның «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» мен «Sunlas Holding» денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы жетекші аустриялық кәсіпорны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар медициналық көмектің сапасын арттыруға, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға келісті.
Меморандумға қол қою халықаралық медициналық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және емдеудің заманауи стандарттарын енгізуге, мамандар даярлауға және денсаулық сақтау жүйесін ең үздік еуропалық тәжірибелер негізінде дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.