РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрметті отандастар!

2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 404 учаскеде “Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?” деген сауал бойынша республикалық референдум өтеді.

Елшілік мекенжайы: Prinz-Eugen-Strasse 32, 1040 Wien.

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2026 жылғы 11 ақпанда қол қойды.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азамат республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының Венадағы Елшілігі жанындағы №404 учаскесінің тізіміне Аустрияда тұрақты немесе уақытша тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

Құрметті азаматтар!

Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу мақсатында төмендегі сілтеме бойынша нысанды толтырып, референдумға қатысуыңызды 21 ақпаннан кешіктірмей растауды сұраймыз:

https://forms.gle/4fk81ABAU2vg5hyV7

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорт немесе жеке куәлігі болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі.