
Вена, 2026 жылғы 1 ақпан - Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігі Маутхаузен концлагерінің «өлім блогынан» қашқан тұтқындарына арналған гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Маутхаузен мемориалдық кешенінің аумағында нацистік лагерьлердің құрбаны болған қазақ батырлардың рұхына қойылған мемориалды тақтаға гүл шоқтары қойылды.
Олардың батылдығы Қазақстан халқының тарихи жадының ажырамас бөлігі болып табылады, ал мемориалдық тақта Қазақстан халқының бостандық пен бейбітшілік үшін ортақ күреске қосқан үлесін білдіреді.