Венада Жәния Әубәкірованің концерті өтті

Венада Жәния Әубәкірованің концерті өтті

Вена, 2025 жылғы 7 қараша - Әлемге әйгілі Вена филармониясының ғимаратында көрнекті қазақ пианисті, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірованың концерті өтті. Салтанатты іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылды, Қазақстан мен Аустрия арасындағы байланысты нығайтатын маңызды мәдени оқиға болды.

Салтанатты кешке Аустрияның дипломатиялық корпусының, БАҚ, іскерлік және мәдени қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Венада тұратын қазақ диаспорасының мүшелері қатысты. Іс-шараны ашу рәсімінде Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді мемлекеттің егемендігініне 35 жыл толғанын атап өтті. Сонымен қатар Елші Жәния Әубәкіроваға ұлттық және әлемдік музыкалық өнердің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, мерекеге қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында жиналған қауымға Қазақстан Республикасының Төменгі Аустрия федералдық жеріндегі жаңа Құрметті консулы, көлік саласындағы аустриялық ірі кәсіпкер Александр Ширхубер ұсынылды. Құрметті консулдың патентін салтанатты түрде тапсыра отырып, Елші М.Тілеуберді А.Ширхубердің Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Құрметті консулдар институты халықаралық байланыстарды кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Құрметті консулдар Қазақстанның мүдделерін өзінің болу өңірлерінде ілгерілетуге ықпал етеді, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына шетелде қолдау көрсетеді.